Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы     № 13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аршалы аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/2 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 10 508 327,4 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 055 949,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 7 873,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 51 217,2 мың теңге;

трансферттер түсімі – 7 393 288,2 мың теңге;

2) шығындар – 11 247 965,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 193 788,1 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 289 822,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 96 033,9 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 933 426,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 933 426,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6–қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4–қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық  

мәслихатының төрағасы                                                          Ә. Балташев

Дата публикации
20 августа 2024