Аршалы ауданында тұрғын үй
көмегін көрсету мөлшерін және
тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
2. Күші жойылды деп танылсын:
«Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 5/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8375 болып тіркелген);
«Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 5/2 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 6/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8628-03 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев
|
|
|
|