Аршалы ауданының әкімшілік– аумақтық құрылымына өзгерістер бойынша ұсыныстар енгізу туралы

Аршалы ауданының  әкімшілік–

аумақтық құрылымына өзгерістер

бойынша ұсыныстар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8,12-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облысы әкімдігінің және Ақмола облыстық мәслихатының қарауына Аршалы ауданының әкімшілік – аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы мынадай ұсыныстар енгізілсін:

Жібек жолы ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:

Жалтыркөл ауылдық округі Жалтыркөл ауылының шекараларында, 41 разъезд, 102 разъезд орталығымен Жалтыркөл ауылында;

Жібек жолы ауылы Жібек жолы кенті болып қайта құрылсын.

2. Осы Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысы және Аршалы аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аршалы

ауданының әкімі                                                                                     М. Балпан

 

Аршалы  аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                  Ә. Балташев

Дата публикации
25 июня 2024