Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХ кезектi сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті XХ сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:

1) «2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есепті бекіту туралы;

2) Аршалы ауданының  әкімшілік–аумақтық құрылымына өзгерістер бойынша ұсыныстар енгізу туралы;

3) Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы;

4) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін бекіту туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселелері туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Aудандық

мәслихатының төрағасы                                                        Ә. Балташев

Дата публикации
25 июня 2024