Конкурс туралы ақпарат
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 18.06.2024 - 20.06.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.06.2024 - 25.06.2024
Сұхбат: 02.07.2024
Анықтама телефоны: 87164421989,87016554436
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3593919261
"Аршалы аудандық мәслихаты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
Депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
Аудандық мәслихат сессияларын, депутаттық корпустың, сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасының қатысуымен басқа да іс-шараларды, кездесулерді, кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысу.
Бухгалтерлік, қаржылық салықтық және статистикалық есеп пен есептілікті жүргізу.
Кассалық банк операцияларын жүргізу және лимиттерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік сатып алу процесін ұйымдастыру.
Ұйымдармен және жеке тұлғалармен есеп айырысуларды уақтылы жүргізуді жүзеге асыру.
Аудандық мәслихат аппаратының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және депутаттық қызметін ұйымдастыру.
Мекеменің материалдық құндылықтарының сақталуын бақылау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
«В» блок, 3 грейд.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, бизнес, басқару және құқық саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болған кезде орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім алуға жол беріледі.
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.