№ 4 ҚАУЛЫ Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы

Аршалы кенті                                                                  2023 жылғы 10 мамыр

 

 

«Аршалы ауданында

Қазақстан Республикасының

2015-2025 жылдарға арналған

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стратегиясының негізгі

басымдықтарын іске асыру туралы»

және «Заң қызметінің функционалдық

 жұмысы туралы»

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ заң қызметінің басшысы Ж.С. Биятованың «Аршалы ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басым бағыттарын іске асыру туралы» және «Заң қызметінің функционалдық жұмысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ ұсынылсын.

- Аршалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және барлық құқық бұзушылық нормаларына «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық талаптарды сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру;

- тұрақты комиссияның келесі отырысына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның хаттамасын ұсыну және осы комиссияның жұмысы бойынша толық түсініктеме беру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссиия төрайымы                                                                        Г. Ахимова

Дата публикации
15 мая 2024