Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы  № 13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 590 468,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 955 949,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 7 873,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6 626 646,0 мың теңге;

2) шығындар – 10 137 512,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 193 788,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 289 822,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 96 034,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 740 832,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 740 832,8 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                Ә. Балташев

Дата публикации
13 мая 2024