Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/7 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № А-94 «Аршалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № А-299 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/7 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                 Ә. Балташев

Дата публикации
29 апреля 2024