Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XVІІІ кезектен сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезектен XVІІІ сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/3 «2024-2026 жылдарға арналған Аршалы ауданының  кент, ауылдық  округтерінің  бюджеттері туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың  қағидаларын бекіту туралы» шешімніне өзгерістер енгізу туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 8/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/7  «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес  құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/6 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-қеңесші орган құрамын бекіту туралы»шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                       Ә. Балташев

Дата публикации
26 апреля 2024