Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының № 2 ҚАУЛЫСЫ

Аршалы кенті                                                                     2024 жылғы 13 наурыз

 

 

Аршалы ауданындағы төтенше

жағдайлардың алдын алу және жою

жөніндегі жұмыс туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аршалы ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Юрий Александрович Липовтың «Аршалы ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыс туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Аршалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ ұсынылсын.

- көктемгі кезеңде су тасқыны қаупі төнген 9 елді мекенді су басуға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау (Жібек жолы ауылы, 42 разъезд, Аршалы кенті, Шортанды ауылы, Түрген ауылы, Донецк ауылы, Анар, Ақбұлақ, Бірсуат ауылдары).

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                         Г. Ахимова

 

Дата публикации
04 апреля 2024