2024 жылғы 19 наурыз Аршалы кенті
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 14,15-баптарына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнасай ауылдық округі әкімі Б.К.Байсағановтың аудандық мәслихат алдында жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі назарға алынсын.
2. Арнасай ауылдық округінің әкімі Б.К. Байсағанов:
1) ауылдық округ мектептеріндегі тамақтану мәселелерін бақылауға алсын;
2) ауылдық округ бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру жөнінде шаралар қабылдасын;
3) клуб ғимараты орналасқан жер учаскесі бойынша мәселені қарауға міндетті.
3. Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі В. В. Сураевтың аудандық мәслихат алдында жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі назарға алынсын.
4. Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі В. В. Сураев:
1) ауылдық округ бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) су тасқыны жағдайын бақылауға алсын.
5. Барлық ауылдық округ әкімдерінің есептерін жүргізу
6. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың
тұрақты комиссиясының төрайымы А. Глебова