Экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының № 1 ҚАУЛЫСЫ

2024 жылғы 19 наурыз                                                                     Аршалы кенті

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 14,15-баптарына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аршалы кенті әкімінің Д.И. Иванюктың аудандық мәслихат алдында жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі назарға алынсын.

2. Аршалы кентінің әкімі Д.И.Иванюк:

1) 2024 жылға берілген бюджеттік өтінімдерді қарау нәтижелерін бақылауға алсын;

2) Аршалы кенті бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Аудандық мәслихаттың

тұрақты комиссиясының төрайымы                                            А. Глебова

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 апреля 2024