Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Аршалы ауданы әкімінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 03 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құру туралы» шешіміне сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 6/8 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев