«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аршалы ауданының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы;
2) Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы;
3) Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселе туралы.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев