Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № А-299 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 3/7 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                     Ә. Балташев

Дата публикации
05 января 2024