2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 320 468,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 685 949,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 7 873,0 мың теңге;

трансферттер түсімі– 6 626 646,0 мың теңге;

2) шығындар – 9 320 468,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 193 788,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 289 822,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 96 034,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 193 788,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 193 788,0 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджет түсімдерінің құрамындағы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер қарастырылғаны 4-қосымшаға сәйкес ескерілсін.

Нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджет түсімдерінің құрамындағы облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны 5-қосымшаға сәйкес ескерілсін.

Нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің шығындар құрамынан кент, ауылдық округтер бюджеттеріне нысаналы трансферттер қарастырылғаны 6-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті атқарушы органның жоғары бюджеттің алдында 96 034,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер бойынша қарыз өтелуі ескерілсін.
  3. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 48 708,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте 267 076,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қоюлар көзделгені ескерілсін.
  5. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен кент, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 519 695,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Аршалы кентіне – 107 744,0 мың теңге;

Ижев ауылдық округіне – 37 199,0 мың теңге;

Анар ауылдық округіне – 45 897,0 мың теңге;

Арнасай  ауылдық округіне – 26 090,0 мың теңге;

Ақбұлақ ауылдық округіне – 36 825,0 мың теңге;

Бірсуат ауылдық округіне – 40 879,0 мың теңге;

Елтоқ ауылдық округіне – 34 543,0 мың теңге;

Константинов ауылдық округіне – 50 821,0 мың теңге;

Түрген ауылдық округіне – 34 638,0 мың теңге;

Бұлақсай ауылдық округіне – 28 241,0 мың теңге;

Сараба ауылдық округіне – 29 285,0 мың теңге;

Михайлов ауылдық округіне – 47 533,0 мың теңге.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                  Ә. Балташев

 

 

Дата публикации
04 января 2024