«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 6-бабының 1-тармағының 7-1)-тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері 1-34 қосымшаларға сәйкес сайлансын.
- Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Учаскелік сайлау комиссиялары 2024 жылғы 05 қаңтарға дейін сайлау комиссияларының төрағаларын, төрағаларының орынбасарларын және хатшыларын сайлау бойынша отырыстар өткізсін.
- Осы шешім 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев