«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» беру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29653 тіркелген), Аршалы ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 04-03/И-767, ұсынымына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Аршалы ауданының Құрметті азаматы» атағы Оспанов Берiк Қимадиұлына берілсін.
2.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев