«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12, 14-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.1. Түрген ауылдық округі бойынша:
1) Красное озеро ауылын Қызылқөл ауылына;
2) Родники ауылын Таза бұлақ ауылына;
3) Родники ауылындағы Центральная көшесі Ынтымақ көшесіне;
4) Родники ауылындағы Родниковская көшесі Ақбұлақ көшесіне;
5) Родники ауылындағы Озерная көшесі Жастар көшесіне.
1.2. Михайлов ауылдық округі бойынша:
1) Ольгинка ауылындағы Первый тұйық көшесі Болашақ тұйық көшесіне;
2) Николаевка ауылындағы Мира» көшесі Бейбітшілік көшесіне;
3) Николаевка ауылындағы Юбилейная көшесі Женіc көшесіне;
4) Николаевка ауылындағы Новая көшесі Жаңа ғасыр көшесіне;
5) Николаевка ауылындағы Набережная көшесі Ақжайық көшесіне;
6) Николаевка ауылындағы Целинная көшесі Атамекен көшесіне;
7) Михайлов ауылындағы Клубная көшесі Мойылды көшесіне;
8) Михайлов ауылындағы Новая көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
9) Михайлов ауылындағы Заводская көшесі Жеңіс көшесіне;
10) Михайлов ауылындағы Почтовая көшесі Абылай хан көшесіне;
11) Михайлов ауылындағы Школьная көшесі Байтерек көшесіне.
Аршалы ауданының әкімі М. Балпан
Аудандық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы Г. Ахимова