«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 36/2 «Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) «Ақ Қайын» сауықтыру демалыс аймағы» ЖШС заңды тұлғаларының қаражаты есебінен әзірленген Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бұлақсай ауылдық округі, Қостомар ауылы мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 24,87 га аумақта бекітілген бас жоспардың құрамында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕЖЖ) бекіту туралы;
3) Аршалы ауданының елді мекендер мен көшелердіңатауларын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы;
Аудандық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы Г. Ахимова