2023 жылғы 7 қыркүйек Аршалы кенті
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 14,15-баптарына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Михайлов ауылдық округінің әкімі Г.Т.Сүлейменованың аудандық мәслихат алдындағы жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі назарға алынсын.
- 2. Михайлов ауылдық округінің әкімі Ғ.Т. Сүлейменоваға «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бірлесіп, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді алып қою мәселесін қарастыру ұсынылсын.
- «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы С.Т.Инсебаевтың Аршалы ауданында жер ресурстарын басқару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараты назарға алынсын.
- Аршалы кентінің, Ижев ауылдық округінің әкімдері Д.И.Иванюк, Д.Н.Черновтың 27.06.2023 ж. депутаттық сағаттың Аршалы кентінде және Ижев ауылдық округінде су құбыры құдықтарының люктерінің болуы мен жай-күйін зерттеу және тексеру жүргізу жөніндегі хаттамалық шешімінің орындалуы туралы ақпараты назарға алынсын.
- Аршалы кенті мен Ижев ауылдық округінің әкімдері Д. И. Иванюк, Д. Н. Черновқа осы жұмысты жалғастыруды және аталған бағытта бақылауды қамтамасыз етуді ұсынсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.