«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлансын:
№ 146 учаскелік сайлау комиссиясы
Ибраева Роза Сериковнаны, 1993 жылы 10 қыркүйекте туылған, жұмыссыз, «AMANAT» партиясының Аршалы аумақтық филиалынан;
№ 148 учаскелік сайлау комиссиясы
Исенова Махаббат Бекетовнаны, 1991 жылы 04 желтоқсанда туылған, «Сараба ауылдық округінің» ММ бас маман-есепші, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;
№ 149 учаскелік сайлау комиссиясы
Новак Ирина Сергеевнаны, 1986 жылы 23 қаңтарда туылған, «Сары-Оба станциясының № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика мұғалімі, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев