2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының И.М.Ратушняктың Аршалы ауданының коммуналдық шаруашылығын қысқы кезеңде жұмысқа дайындау туралы ақпараттын тыңдап және талқылай отырып, аудандық мәслихат Аршалы ауданының тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде екендігін атады.

Аршалы ауданы бойынша 34 білім беру объектісіне қызмет  көрсететін 70 қазандық қондырғы, 18 – денсаулық сақтау, 13 – әлеуметтік нысан және 5 тұрғын үй бар.

Білім беру объектілері бойынша 2 мектеп орталық жылытуға қосылған, қалған мектептерде автономды қазандықтар бар, 2 балабақша орталық жылытуға қосылған, 2 мектеп электр жылытуға қосылған.

Ауданның 4 мектебінде блоктық-модульдік қазандықтар сатып алынды.

«Аршалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 6 840 тонна қатты отын сатып алып, аудан мектептері бойынша жеткізді.

Денсаулық сақтау объектілері бойынша қатты отынның қажетті мөлшері сатып алынды.

«Аршалы Су-2030» ШЖҚ МКК пайдалануда 4 қазандық (ПЛ-14, Аршалы-2, Аршалы кентінің №1 қазандығы, орталық қазандық) бар.

2023 жылы №1 қазандықта екі негізгі қазандық (байланған) және бір қосымша КВН 3,5-КБ қазандығы орнатылды.

Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қазандықтарды сатып алу үшін 48,2 миллион теңге бөлді, жергілікті бюджеттен жылу желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 95 мың теңге бөлінді.

Коммуналдық қазандықтар бойынша қатты отынның жылдық қажеттілігі 11 000 тоннаны құрайды.

Ауданда республикалық, облыстық және аудандық (жергілікті) маңызы бар 389 шақырымдық жолдар бар.

Жалпы ұзындығы 87 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ қызмет көрсетеді.

Жалпы ұзындығы 148 шақырым болатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына «Дорожник» ЖШС қызмет көрсетеді.

Ұзындығы 154 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына «Самгау Енерджи Групп» ЖШС қызмет көрсетеді.

2023 жылға арналған жолдарды ұстауға аудандық маңызы бар бюджеттен 44 миллион теңге қарастырылған

12 ауылдық округ пен Аршалы кентінің кентішілік жолдарын күтіп ұстауға 2023 жылға жылына 121,8 миллион теңге қарастырылған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының И.М. Ратушняктың Аршалы ауданының коммуналдық шаруашылығын қысқы кезеңде жұмысқа дайындау туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы И.М.Ратушнякке ұсынылсын:

қазандық және жылыту жүйелерінің жоспарланған жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау, қысқы жағдайларда үздіксіз жұмыс істеу үшін отын қорын барынша арттыру;

алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                    Ә. Балташев

 

Дата публикации
26 сентября 2023