«Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Аршалы ауданының әкімі Балпан Мұрат Сағатұлының өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есепті баяндамасын тыңдап және талқылай отырып,аудандық мәслихат есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілгендігін атады.
Ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың оң қарқыны сақталды. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласындағы барлық негізгі көрсеткіштер асыра орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда негізгі капиталға инвестициялар көлемі, құрылыс көлемі өсті, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің өсу қарқыны қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша аудан негізгі көрсеткіштердің жоғары өсу қарқыны бойынша облыс өңірлері арасында көшбасшылар тобында.
Негізгі капиталға инвестиция салу қарқыны бойынша аудан облыстың барлық аудандары арасында көш бастап тұр. Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша екінші орынға, тауар айналымы бойынша – төртінші, өнеркәсіп бойынша – алтыншы орынға шықты. Аудан бюджеті 18 млрд. теңгені құрайды, жыл басына қарағанда 6 млрд. теңгеге артық (12 млрд.теңге).
Сегіз ай ішінде аудан бюджеті 50% - ға ұлғайды.
Ағымдағы жылы ауданның басты саласында, ауыл шаруашылығында 3 мың гектардан астам дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар, 1 мың гектардан астам майлы дақылдар егілді.
Аудан шаруаларына 2 миллиард теңгеден астам субсидия бөлініп, жалпы сомасы 520 миллион теңгеге 13 жаңа техника сатып алынды.
Астана қаласының азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде ағымдағы жылы 100 басқа арналған ет фермасы («Қарақат Агро» ЖШС) құрылды. Жыл соңына дейін 600 басқа арналған сүт фермасын («Temir Agro» ЖШС) іске қосу жоспарлануда.
Жалтыркөл ауылында «Ақ-Дала Агро» ЖШС құс етін өндіру бойынша құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде (3 кезең), жобалық қуаты жылына 6 мың тонна ет.
2022 - 2023 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді өтеусіз пайдалану құқығымен ауылдық округтерге бес жыл мерзімге бекітілген 8,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндірісте 30,3% өсім қамтамасыз етілді.
Жел электр станциялары пайдалануға берілді, жобалық қуаты тәулігіне 2 мың тонна дайын асфальт қоспасын құрайтын асфальтбетон зауыты ашылды.
Аудан бойынша инвестиция көлемі 300 миллиард теңгеден асатын 18 жобадан тұратын пул қалыптастырылды, бұл экономика өсімінің нақты резерві болып табылады.
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін инженерлік желілермен қамтамасыз ету мақсатында жалпы сомасы 7,5 миллиард теңгеге тоғыз жоба іске асырылуда.
Халықты электр энергиясын үздіксіз берумен қамтамасыз ету мақсатында Жібек жолы ауылындағы «Новоалександровка» қосалқы станциясын қайта жаңарту жобасы іске асырылуда.
Ағымдағы жылы ауданның төрт елді мекенінде (Константинов, Ақбұлақ, Сараба, Ижев ауылдары) жалпы ұзындығы 15,2 шақырымды 224,6 миллион теңге сомаға көше жарығы салынды.
Ауданда автомобиль жолдарының сапасы мәселесі өзекті болып қала береді.
Аудан жолдарының 35%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Осы міндеттерді шешу үшін ағымдағы жылы ауданның 9 елді мекенінде 111 шақырым жол, оның ішінде облыстық маңызы бар екі жол жөнделді.
Жібек жолы, Арнасай, Елтоқ, Сараба ауылдарының кентішілік жолдары күрделі жөндеумен қамтылды.
Кентішілік жолдарды орташа жөндеу Анаркөл, Түрген, Бірсуат ауылдарында, Аршалы кентінде және Анар станциясында жүргізілді.
Аудан үшін әлеуметтік маңызды жоба елді мекендерді газдандыру болып қала береді. Ауданда барлығы 16 елді мекен газдандырылды. Қосылған абоненттердің жалпы саны - 993.
2023-2024 жыл жылыту маусымына дайындық кезеңінде ауданның коммуналдық қазандықтарын ағымдағы жөндеуге және көмір сатып алуға 324,3 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді, оған үш қазандық пен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материал сатып алынды. Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорын көппәтерлі тұрғын үйлерді орталық қазандыққа қосу бойынша жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саланы дамыту болып табылады.
Атаулы әлеуметтік көмекті 247 алушыға жалпы сомасы 15,4 миллион теңгеге төленді, оның ішінде 97 бала Мемлекеттік әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілді. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жалпы сомасы 28,9 миллион теңгеге көмек көрсетілді.
Жұмыспен қамту саясатын іске асыруда халықты жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері ерекше орын алады.
Ағымдағы жылы жаңа жұмыс орындарын құру жоспары 1884 адамды құрады, сегіз ай ішінде жоспарлы сандардың нақты орындалуы – 809 жұмыс орнын құрайды. Жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі белсенді шаралар жалпы жұмыссыздық көрсеткішін 5,3% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде белсенді шаралармен 103 адам қамтылды.
Ауданның білім беру саласының жұмысы басым бағыт болып қала береді. Ауданда халыққа білім беру қызметтерін қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 2 республикалық мемлекеттік мекемесі жанындағы 28 күндізгі білім беру мектебі және 1 кешкі мектеп көрсетеді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Жібек жолы ауылында 300 орындық жаңа мектеп-лицей ашылды.
Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына бюджет есебінен тамақтануға ата-аналардың жарналары өтеледі.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға, мектептерді жөндеуге және білім беру объектілерін жылыту маусымына дайындауға жоғары тұрған бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.
Аршалы кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі мен Анар орта мектебі күрделі жөндеумен қамтылды. Жібек жолы ауылындағы жалпы білім беретін мектептің желдету және санитарлық тораптарына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
«Білімді ұлт «сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында ауданның төрт мектебіне арналған химия, биология және STEM кабинеттері алынды. Мектеп жиһазын жаңартуға, мектептерді жаңғырту аясында жеті мектепке арналған 26 сынып-жинақ сатып алынды.
Ауданның төрт мектебінде (Бұлақсай, Ольгинка, Белоярка, Николаевка) блоктық-модульдік қазандықтар, Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебінде – жылыту жүйесін ағымдағы жөндеуге орнатылады.
Медициналық қызмет көрсету мәселесі бойынша: ауданның емдеу-профилактикалық ұйымдарының желісі Аршалы аудандық ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 14 медициналық пункттен тұрады. Медициналық қызметтерді сапалы ұсыну үшін аудан бойынша 80,8% орташа облыстық көрсеткішпен 83,3% құрайтын медициналық жабдықтармен жарақтандыру маңызды рөл атқарады. Ағымдағы жылы емхананы күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 330 миллион теңге бөлінді, оның аяқталу мерзімі 1 желтоқсанға дейін.
Мәдениет саласына қатысты: ауданда 42 мәдениет нысаны жұмыс істейді.
«Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы бойынша аудан 3 жүлделі орынға ие болды.
Мәдениет нысандарының инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды. Ағымдағы жылы Бұлақсай ауылдық клубы үшін блоктық-модульдік қазандық сатып алуға 40 миллион теңге бөлінді. Жалпы сомасы 23,7 миллион теңгеге Ольгинка және Бұлақсай ауылдық клубтарына ағымдағы жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылы Жібек жолы ауылында 125 орындық демалыс орталығының құрылысы және Аршалы ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.
Ағымдағы жылдың жетістіктері «Хрустальный колос-2022» облыстық қысқы спартакиадасында жалпы командалық бірінші орын, «Ақ Бидай-2022» облыстық жазғы спартакиадасында 4 орын болып табылады.
Сонымен қатар, Аршалы ауданының елді мекендерінде стихиялық қоқыс үйінділерін жоюға, Аршалы кентінде сумен жабдықтауға және кәріз жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты шешілмеген мәселелер бар.
Ауданның елді мекендері маңында жаңа қиыршық тас карьерлерінің ашылуына байланысты экология проблемаларына назар аудару қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге, бюджет қаражатын игеру жөніндегі белгіленген міндеттерді барынша іске асыруға ерекше назар аударылсын.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев