Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының VI кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының VІ кезекті сессиясының күн тәртібіне қатысты келесі сұрақтар қосылып бекітілсін:

1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі туралы;

2) 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 5/2 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         5) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 12/5 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         6) Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы;

7) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік  сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

8) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.

 

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                      Ә. Балташев

Дата публикации
26 сентября 2023