«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Аршалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 03 шілдедегі № А-176 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанынан террорлыққа қарсы комиссия құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 10 маусымдағы № 26/8 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы террорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев