Жеке тұлғалардың қаражаты есебінен әзірленген Ақмола облысы, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы мекенжайы: бойынша орналасқан жалпы ауданы 30,0 га аумақта бекітілген бас жоспар құрамында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕЖЖ) бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабымен және 26-бабының 12) тармағына сәйкес және Аршалы ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 02-10/И-470 ұсынысы қарап, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған жеке тұлғалардың қаражаты есебінен әзірленген Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы мекенжайы: бойынша орналасқан жалпы ауданы 30,0 га аумақта бекітілген бас жоспар құрамында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕЖЖ) бекітілсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

           

Аудандық

мәслихатының  төрағасы                                 Ә. Балташев

 

                                                                                                     

 

 

Дата публикации
29 августа 2023