Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 17 405 689,2 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері  – 3 837 799,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 11 516,0 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері  – 13 530 374,2 мың теңге;

  • шығындар – 17 612 107,8 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 69 230,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 155 250,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 020,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 275 648,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 275 648,6 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық 

мәслихатының төрғасы                                Ә. Балташев

Дата публикации
29 августа 2023