«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Жеке тұлғалардың қаражаты есебінен әзірленген Ақмола облысы, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы, Жібек Жолы ауылы мекенжайы: бойынша орналасқан жалпы ауданы 30,0 га аумақта бекітілген бас жоспар құрамында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕЖЖ) бекіту туралы;
3) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев