«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;
3) Аршалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2/3 «Аршалы аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
5) Аршалы ауданын басқару схемасын бекіту туралы;
6) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 8/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау бойыншакомиссияның дербес құрамы бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
7) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев