Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, 2023 жылғы аудандық мәслихаттың перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясында негізгі мәселелер бекітілсін:

1) Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және Аршалы ауданының одан әрі даму перспективалары туралы есебі;

2) 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы                                                 Ә. Балташев

Дата публикации
08 июня 2023