Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі № А-119 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 42/5 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы                                                 Ә. Балташев

Дата публикации
08 июня 2023