Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 8/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау бойынша комиссияның дербес құрамы бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № А-114 «Аршалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № А-156 «Аршалы ауданы әкімдігіне қарасты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау бойынша комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 8/4 «Аршалы ауданы әкімдігіне қарасты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау бойынша комиссияның дербес құрамы бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы                                                 Ә. Балташев

 

Дата публикации
08 июня 2023