Сегінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының III кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ІІІ кезекті сессиясының күн тәртібіне қатысты келесі сұрақтар қосылып бекітілсін:

1) «2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есепті бекіту туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 36/2 «2023-2025 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 8/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау бойынша комиссияның дербес құрамы бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал  етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-қеңесші орган құрамын бекіту туралы;

6) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

7) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы                                                Ә. Балташев

Дата публикации
08 июня 2023