Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1) «2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есепті бекіту туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 36/2 «2023-2025 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 8/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау бойынша комиссияның дербес құрамы бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5) Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-қеңесші орган құрамын бекіту туралы;
6) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
7) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.
Аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев