№ 3 ҚАУЛЫ Экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық - инновациялық даму мәселелері жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы

 

Аршалы кенті                                                                      2023 жылғы 30 мамыр

 

2022 жылға арналған аудандық

бюджеттің атқарылуы туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14,15-баптарына сәйкес, экономика, бюджет, Аграрлық мәселелер және индустриялық - инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Т.В.Ниевинанның 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ ұсынылсын:

 - бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ түсімдерді жоспарлауға, әсіресе бюджеттің 4-ші деңгейіне қатысты бақылауды күшейту.

- бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде қатаң қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, дебиторлық және кредиторлық берешекті төмендету және қажеттілікті ескере отырып қаражатты уақтылы қайта бөлу жөнінде шаралар қабылдау.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық - инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                               А. Глебова

 

Дата публикации
08 июня 2023