№3 ҚАУЛЫ Әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы

Аршалы кенті                                                                      2023 жылғы 30 мамыр

 

 

Аршалы ауданында 2022 жылы және

2023 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша

жүргізіліп жатқан шаралар туралы  

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14,15-баптарына сәйкес, әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ заң қызметінің басшысы Г.С. Есенгартованың «Аршалы ауданында 2022 жылы және 2023 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ ұсынылсын.

- Аршалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және барлық құқық бұзушылық нормаларына "нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық талаптарды сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                              Г. Ахимова

Дата публикации
07 июня 2023