Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасынындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № А-117 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрамда бекітілсін.
  2. Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 21/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы                                                 Ә. Балташев

 

 

Дата публикации
10 мая 2023