Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 13 436 892,5 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 697 799,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 11 516,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 9 701 577,5 мың теңге;

2) шығындар – 13 532 171,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 69 230,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 155 250,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 020,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 164 509,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 164 509,4 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы                                                 Ә. Балташев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 мая 2023