Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы болып депутат Глебова Анжелика Николаевна сайлансын.
  2. Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы болып депутат Ахимова Гүлмира Омарқызы болып сайлансын.
  3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы                                                Ә. Балташев

Дата публикации
04 мая 2023