Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының келесі тұрақты комиссиялары құрылсын:

1) экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы;

2) әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы                                                Ә. Балташев

Дата публикации
04 мая 2023