№ 2 ҚАУЛЫ Аршалы аудандық мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

Алдағы жылыту маусымына

дайындық іс-шараларының

 жоспары туралы.

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14,15-баптарына сәйкес экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ ұсынылсын.

         - алдағы 2023-2024 жылдарға арналған жылу маусымына дайындықты уақтылы бастау;

         - алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде қатты (сұйық) отын жеткізуге конкурстық рәсімдерді жариялау және өткізу;

         -күзгі-қысқы кезеңде жылумен жабдықтау объектілерінің жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және бастау.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы аудандық мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                           А. Глебова

Дата публикации
04 мая 2023