«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлансын:
№ 135 учаскелік сайлау комиссиясы
Абрамова Лидия Сергеевна, 1988 жылы 10 қыркүйекте туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Ижевск ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Аршалы аудандық филиалынан;
№ 146 учаскелік сайлау комиссиясы
Балкибекова Айжан Нұрланқызы, 1986 жылы 24 желтоқсанда туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» КММ тәлімгері, «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Аршалы аудандық филиалынан.
Аудандық мәслихатының төрағасы Е.Қазбеков