«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 6 бабының 1 тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Аршалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелері 1-11 қосымшаларға сәйкес сайлансын.
- Округтік сайлау комиссиялары сайлау комиссияларының төрағаларын, төрағасының орынбасарларын және хатшыларын сайлау бойынша отырыстар өткізсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күшіне енеді.
Аудандық мәслихатының төрағасы Е.Қазбеков