Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXХVII сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXХVII сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер бекітілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/4 «Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) «Аршалы аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қантардағы № 20/6 «Аршалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/2 «Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы;

7) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының хатшысы                                                  Е. Қазбеков

Дата публикации
16 января 2023