Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары

Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 35/9 шешіміне

қосымша

 

 

Аршалы аудандық мәслихатының

2023 жылға арналған

 перспективалық жұмыс жоспары

 

         Аудандық мәслихат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, биліктің өкілді органдарының қызметін реттейтін басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа алады. Мәслихаттың негізгі мақсаты жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, халықтың еркін білдіру, оны іске асыру және олардың жүзеге асырылуын бақылау үшін қажетті шараларды айқындау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Мәслихат қызметінің негізгі бағыттары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында айқындалған.

2023 жылы аудандық мәслихат сессияларында келесі мәселелерді қарау жоспарлануда:

 

Мәселенің мазмұны

Өткізу мерзімі

1 тоқсан

 

1 Аршалы ауданының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы.

Баяндамашы – «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ басшысы.

Қаңтар-наурыз

2 тоқсан

 

1. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

Баяндамашы - «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.

Сәуір-маусым

3 тоқсан

 

1.  Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және Аршалы ауданының одан әрі даму перспективалары туралы есебі.

Баяндамашы-Аршалы ауданының әкімі.

Шілде-қыркүйек

2. 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы.

Баяндамашы-«Аршалы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі» ММ басшысы..

Шілде-қыркүйек

4 тоқсан

 

1.  2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Баяндамашы- «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.

         Желтоқсан

2. Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы.

Баяндамашы -«Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі»ММ басшысы.

           Желтоқсан

     

 

 

Ұйымдастыру іс-шаралары

 

  1. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына:

-сессияларды дайындауға және олардың жұмысына белсенді қатысуға, қажет болған жағдайда сессиялардың күн тәртібіне қосымша сұрақтар енгізсін;

- аудандық мәслихат шешімдерінің, өз қаулыларының, депутаттар мен шақырылғандар айтқан сын ескертпелер мен ұсыныстардың, депутаттық сауалдардың орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асырсын;

- аудандық мәслихат депутаттарының дөңгелек үстелінде әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың, кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басшыларымен кездесулер ұйымдастырсын.

  1. Аудандық мәслихат депутаттары өз сайлаушыларымен байланысты күшейтсін, оларды аудандық мәслихаттың жұмысы, аумақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларының, бағдарламаларының орындалуы туралы ұдайы хабардар етсін, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатыссын, қоғамдық пікірді, халықтың мұқтаждықтары мен сауалдарын зерделесін, мәслихатқа ұсыныстар енгізсін, депутаттық сауал құқығын және депутаттық өкілеттіктерді белсенді пайдалансын.
  2. Тоқсанына бір рет аудандық мәслихаттың депутаттық корпусының оқуын осы семинарларға заң шығарушы органдардың қызметкерлерін, экономика мен әлеуметтік өмірдің түрлі салаларының және құқық қорғау органдарының басшыларын тарта отырып жүргізу.
Дата публикации
26 декабря 2022