Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңындарына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № А-303 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның жеке құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 36/4 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихатының хатшысы                                                  Е. Қазбеков

Дата публикации
26 декабря 2022