2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 12 036 933,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 297 866,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 11 516,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімі– 9 701 551,0 мың теңге;

2) шығындар – 12 036 933,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 69 230,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 155 250,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 020,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 69 230,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 69 230,0 мың теңге.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджет түсімдерінің құрамындағы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер қарастырылғаны 4-қосымшаға сәйкес ескерілсін.

Нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

 

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджет түсімдерінің құрамындағы облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны 5-қосымшаға сәйкес ескерілсін.

Нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің шығындар құрамынан кент, ауылдық округтер бюджеттеріне нысаналы трансферттер қарастырылғаны 6-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  2. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті атқарушы органның жоғары бюджеттің алдында 86 020,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер бойынша қарыз өтелуі ескерілсін.
  3. 2023 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 43 789,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте 311 335,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қоюлар көзделгені ескерілсін.
  5. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен кент, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 534 241,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Аршалы кентіне – 87 159,0 мың теңге;

Ижев ауылдық округіне – 39 025,0 мың теңге;

Жібек жолы ауылдық округіне – 13 815,0 мың теңге;

Анар ауылдық округіне – 45 011,0 мың теңге;

Арнасай  ауылдық округіне – 23 966,0 мың теңге;

Ақбұлақ ауылдық округіне – 39 366,0 мың теңге;

Бірсуат ауылдық округіне – 42 941,0 мың теңге;

Волгодонов ауылдық округіне – 30 703,0 мың теңге;

Константинов ауылдық округіне – 60 754,0 мың теңге;

Түрген ауылдық округіне – 36 615,0 мың теңге;

Бұлақсай ауылдық округіне – 36 883,0 мың теңге;

Сараба ауылдық округіне – 28 374,0 мың теңге;

Михайлов ауылдық округіне – 49 629,0 мың теңге.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының хатшысы                                                  Е. Қазбеков

 

Дата публикации
26 декабря 2022