Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті XXХV сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті XXХV сессиясының күн тәртібі келесі мәселелерді қамтиды деп бекітілсін:

1) 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

2) Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің Жалтыркөл ауылын дамыту және салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) бекіту туралы;

3) Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы кентінің егжей - тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарын түзету туралы;

4) Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы, объектілерді салуға және оларға қызмет көрсетуге арналған 1-шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан 5,44 га жер учаскесіне Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының бекітілген бас жоспарының құрамында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕТЖЖ) бекіту туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6) Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы;

7) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 «Аршалы ауданының бюджет комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

8) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;

 

9) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселе туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының хатшысы                                                     Е. Қазбеков

                                                 

Дата публикации
26 декабря 2022