Аршалы аудандық мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының № 4 қаулысы

Аршалы ауданында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа моделін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14, 15 - баптарына сәйкес, экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы С.Т. Инсебавтың «Аршалы ауданында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа моделін құру туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не ұсынылсын:

- жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

  

Комиссия төрайымы                                                                               А. Глебова

 

Дата публикации
19 августа 2022